Полиция Астананың қыздарына арнайы тест-жолақтарын алып жүру туралы кеңес берді

Есірткі қылмысына қарсы күрес: елорданың құқық қорғау органдары бойжеткендерге ескерту жасады.

Соңғы жыл ішінде 8 000-нан астам есірткі қылмысы анықталды, олардың арасында қылмыскерлердің бейтаныс адамдарға, әсіресе қыздардың сусындарына есірткі заттарын қосу жағдайлары жиі кездеседі. Елорданың Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы осылай деп ескерту жасады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz  Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мамандар бойжеткендерге өзін және жақындарын қорғау үшін арнайы есірткі заттарын анықтайтын тест-жолақтарын бірге алып жүруді ерекше қозғап өтті.

Айта кетейік, мұндай жолақтар дәріханаларда қолжетімді, кішкентай, көп орын алмайды және ең бастысы, бір минут ішінде қауіпті заттардың бар-жоғын анықтауға көмектеседі.

Бұл – қылмыстың алдын алудың және өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етудің қарапайым, бірақ тиімді тәсілі.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.