АҚШ президенті Дональд Трамптың емдеуші дәрігері Шон Конли Ақ үйдің басшысының коронавирусқа жасалған талдаудың нәтижелерін жария етті, – деп хабарлайды РИА Новости. Сенбі, 14 наурыз күні Вашингтонда өткен баспасөз мәслихатында президент жұма күні COVID-19 вирусына тест тапсырғанын, бірақ әлі нәтиже шықпағанын айтқан болатын. Дене қызуыңыз қандай деген сұраққа Трамп: "қалыпты"деп жауап берді. https://www.youtube.com/watch?v=KY3uQUp08Yc&feature=emb_logo Шон Конлидің айтуынша, талдау Трампта коронавирус жоқ екенін көрсетті. "Кеше кешке мен Президентпен COVID-19 сынағын егжей-тегжейлі талқылағаннан кейін, ол оны тапсыруға шешім қабылдады. Бүгін кешке мен тест теріс нәтиже бергенін растадым", - делінген Ақ үйдің мәлімдемесінде. Бұған дейін Трамппен кездескен бразилиялық делегация мүшелерінің бірі коронавируспен ауырғаны белгілі болды. Америкалық көшбасшының емдеуші дәрігері атап өткендей, Бразилияның делегациясымен әңгімеден бір апта өткеннен кейін Трампта ешқандай ауру белгілері жоқ. Джонс Хопкинс Университетінің ақпараты бойынша, АҚШ-тағы коронавирустың расталған оқиғаларының саны 2,5 мыңнан асты, 51 адам қайтыс болды. Тәулік бойы расталған жағдайлардың саны екі мыңнан кем болды. Бұл ретте жұқтырғандар саны айтарлықтай көп болуы мүмкін. Өйткені коронавирусқа талдау кейбір емделушілерде ғана іріктеп алынады.