Азиада-2025: Қазақстан ұлттық құрамасының 13 ақпандағы жарыс кестесі

Бүгін мәнерлеп сырғанаушылар мен екі биатлон командасы жүлдеге таласады.

Қытайдың Харбин қаласында 2025 жылғы қысқы Азия ойындары өтіп жатыр. Ұлттық олимпиадалық комитет қазақстандық спортшылардың 13 ақпандағы жарыс кестесін жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бүгін ерлер құрамасы жартылай финалда сынға түссе, мәнерлеп сырғанаушылар медаль үшін күреседі. Сондай-ақ екі биатлон командасы жүлдеге таласады.

Спорт түрі: Керлинг. Ерлер, әйелдер. Топтық кезең, ерлер іріктеу кезеңі, жартылай финалдар.

Кездесу: Гонконг – Қазақстан; Қазақстан – Гонконг.

Басталуы: сағат 06:00; 11:00; 16:00 (әйелдер жартылай финалы өтуі мүмкін).

Спорт түрі: Биатлон. Эстафеталық жарыстар.

Қатысушы: Қазақстан құрамасы.

Басталуы: сағат 07:00; 10:00.

Спорт түрі: Шайбалы хоккей. Финалдық раунд (әйелдер), жартылай финал (ерлер).

Кездесу: Қазақстан – Қытай; Қытай – Қазақстан

Басталуы: сағат 07:00; 11:00

Спорт түрі: Мәнерлеп сырғанау. Ерлер мен әйелдер. Еркін бағдарлама.

Қатысушылар: Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев, Софья Самоделкина, София Фарафонова.

Басталуы: сағат 10:00; 14:30.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.