Ауа райының бұзылуына байланысты Қарағанды және Абай облыстарында жол жабылды

Ауа райының бұзылуына байланысты Қарағанды және Абай облыстарында жол жабылды
Жолды 14 ақпанда сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

«ҚазАвтоЖол» көлік қозғалысына шектеу қою туралы шұғыл ақпарат жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

2025 жылғы 13 ақпан сағат 20:30-да ауа райының бұзылуына байланысты KAZ01 “Астана-Қарағанды-Алматы” автожолының 1610-1854 шақырымы аралығындағы учаскесінде (Ақсу-Аюлы - Балқаш бағыты) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. 

Жолды 14 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған. Сонымен қатар  Абай облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

«2025 жылғы 13 ақпанда сағат 21:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғас" автожолының 707-900 шақырым аралығындағы учаскесінде (Аягөз қаласынан Сәтбаев ауылының бұрылысына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады», – делінген хабарламада. 

Жолды 14 ақпан сағат 06:00-де ашу жоспарланған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.