Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Хоккейден әйелдер құрамасы Азия ойындарында алғашқы күміс медальді жеңіп алды.

Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Шешуші матчта қазақстандық хоккейшілер Оңтүстік Кореяны 3:0 есебімен жеңіп, жалпы есепте екінші орынға тұрақтады.

Осылайша хоккейден әйелдер құрамасы Азия ойындарында алғашқы күміс медальді алып, жалпы саны 7 жүлдеге ие болды. Бұған дейін 3 алтын, 3 қола алған еді.

Қазақстандық хоккейшілер осы бәсекеде Қытайдың Гонконг (12-0), Таиланд (9-0), Қытайдың Тайпейі (5-1), Қытай (2-1), Оңтүстік Корея (1-0) командасын ұтып, тек Жапонияға (0-4) жол берді.