«Өмірде көп қиындық көрген»: Ләйлә Сұлтанқызы анасы туралы жүрекжарды жазба жариялады (ВИДЕО)

Қазақстандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы анасының қадірі жайлы ой толғап, оған барынша қамқор болғысы келетінін айтты.

Ол бұл туралы Instagram парақшасында жазып, оқырмандарымен бірге анасымен түскен видеосын бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

«Менің жұлдызым – Дишинкам. Біріміздің анамыз қасымызда, біріміздікі жоқ… Ана қадірін өзіміз ана болғанда ғана шын түсінеміз. Кейде оқырмандарымнан: “Мамаңызды жиі көрсетесіз, көзінде мұң бар, өмірде көп қиындық көрген-ау” деген пікірлерді оқимын. Иә, түрлі жағдайлар бастан өтті. Бірақ өткенге қайта-қайта орала беруден не пайда? Бастысы – ата-анамыз бізді қиындыққа қарамай өсірді, оқытты, жеткізді. Сол үшін шүкіршілік етемін. Ендігі мақсат – анамызға көбірек көңіл бөліп, әр күнін мәнді әрі сәнді ету», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары Ләйлә Сұлтанқызының жазбасына жылы лебіздерін білдіріп, анасына ұзақ ғұмыр тіледі.