Ұлттық академиялық кітапханаға жаңа басшы тағайындалды

Бұл лауазымға Күміс Сейітова тағайындалды, ол бұған дейін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

2025 жылғы 18 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының директоры лауазымына Сейітова Күміс Қарсақбайқызы тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сейітова Күміс Қарсақбайқызы Қарағанды облысында дүниеге келген. Жезқазған педагогикалық институтын, Д.Қонаев атындағы гуманитарлық университетті және «Болашақ» академиясын бітірген.

2004-2023 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің құрылымында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді, соңғы лауазымы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы.

2024 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.