Перизат Қайрат ісі: су тасқыны кезінде ақша жымқырған Орал тұрғынына қатысты тергеу басталды 

Перизат Қайрат ісі: су тасқыны кезінде ақша жымқырған Орал тұрғынына қатысты тергеу басталды 
Облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бір эпизод бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. 

Су тасқыны кезінде «Бір біргеміз!» қайырымдылық қорына халық ақша жинаған. «Бір біргеміз!» қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайраттың үстінен қордың қаржысын жымқырды деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі.

Осы іске қатысы бар Орал қаласының тұрғынына қатысты Батыс Қазақстан облысында да тергеу басталды.

Бұл туралы үйлестіру кеңесінің отырысында БҚО прокурорының бірінші орынбасары Даурен Умаргалиев айтты.

AMP

Перизат Қайрат «Біз біргеміз!» қоры арқылы су тасқыны кезінде өте көп ақша жинағаны белгілі. Қорға ақша жинауға БҚО тұрғындары да үлес қосқан. Енді сол қаржыны жымқырды деген күдікке ілінгендерге қатысты тергеу басталды. 

– Қазіргі уақытта облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бір эпизод бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Осы қылмыстық іс аясында аймақтағы «Ақжайық» қайырымдылық қорын да тексеру қажет. «Ақжайық» қорына түскен қаржыны заң аясында анықтау қажет, – деді облыстың бас прокуроры Серік Шалабаев.

Еске сала кетейік, БҚО прокурорының бірінші орынбасары Даурен Умаргалиевтің айтуынша, БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге 81 миллиард теңге қаржылай көмек көрсетілді. Оның ішінде 13 миллиард бюджеттен бөлінсе, 68 миллиард қаржы демеушілерден түсті.

Жанат Қайырғожина,

Батыс Қазақстан облысы