Головкиннің қашан және қай жерде рингке оралатыны белгілі болды

Головкиннің қашан және қай жерде рингке оралатыны белгілі болды

ESPN журналисі әрі инсайдер Дэн Рафаэль орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан және қайда өтенінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Дереккөздің мәліметі бойынша, кездесу Қазақстанда өтпейді.
"Бокстың кестесі коронавирус пандемиясына байланысты өзгеріп отыратынына қарамастан, Геннадий Головкиннің титулын Камил Шереметаға қарсы міндетті қорғау жекпе-жегі енді 6 маусымда Инглвудтегі Forum аренасында өтеді. Жекпе-жек алдын ала белгіленген мерзім 29 ақпаннан 28 наурызға, содан кейін сәуір немесе мамырға, ал қазір маусымға шегерілді. Жекпе-жек Головкиннің туған жері Қазақстанда өтуі мүмкін еді. Бірақ сенімді ақпарат көздері айтқандай, бұл қазір талқыланбайды да. Жекпе-жек күнінің өзгеру себептерінің бірі - GGG ақпанның ортасында жаттығуда жіліншігін жарақаттап алуы", - деп жазды Рафаэль өз колонкасында.
Еске салайық, бұған дейін Головкиннің рингке маусым айында оралатынын промоутері Эдди Хирн айтқан болатын.