Мемлекеттік кірістер комитеті блогерлерге жіберген хабарламаларын неге кері қайтарып алды?

Комитеттің мәліметінше, блогерлердің хабарламалары техникалық ақау жойылғаннан кейін қайта қалыптастырылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 19 ақпанда 93 блогердің 9,8 млрд теңгеге қалыптастырылған хабарламасын кері қайтарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

– Хабарламалардың қайтарылу себебі оларды жіберу және өңдеу процесінде техникалық ақаулардың пайда болуынан орын алды. Сонымен қатар, техникалық ақаулар жойылғаннан кейін 93 блогерге қатысты хабарламалар қайта қалыптастырылатынын назарларыңызға жеткіземіз, – делінген комитеттің мәлімдемесінде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Кірістер комитеті 594 блогерге қатысты 53,3 млрд теңгеге хабарлама жіберген болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.