«Астана Аренадағы» футбол ойынынан кейін жанкүйерлер стадионды жинап кетті

Бұл жаңа нормаға айналуы керек, өйткені матчтан кейінгі таза трибуна – қоғам дамуының жоғары деңгейінің белгісі», - депті жанкүйерлердің бірі.

«Астана Аренада» өткен «Қайрат» пен «Ақтөбе» арасындағы футбол матчы аяқталғаннан кейін командалардың жанкүйерлері стадион трибуналарын қоқыстан тазартып кетті, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Бұл жайлы мәлімет Астана әкімдігінің  ресми сайтында  жарияланды. 

«Матч та, осы заманауи арена да бізге ұмытылмас эмоция сыйлады, олар біздің жадымызда өшпестей сақталады. Футбол командалары мен стадион қызметкерлеріне алғыс ретінде трибунаны тазарту шарасына қатысуды қажет деп санадым, осылайша құрметімді көрсеттім. Менің ойымша, бұл жаңа нормаға айналуы керек, өйткені матчтан кейінгі таза трибуна – қоғам дамуының жоғары деңгейінің белгісі», - депті жанкүйерлердің бірі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз