Бивол Бетербиевті ұтып, абсолютті әлем чемпионы атанды

40 жастағы Артур Бетербиев мансабында алғаш рет жеңіліп, барлық титулынан айырылды.

Дмитрий Бивол Артур Бетербиевті ұтып, жартылай ауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы атанды, – деп хабарлайды Аikyn.kz 

Бір төреші есепті тең деп бағалады – 114-114, ал қалған екеуі Бивол басым деп көрсетті – 116-112, 115-113. 

34 жастағы Дмитрий Бивол (24-1 (12 KO) бұған дейін тек WBA титулын иеленген еді. Ал 40 жастағы Артур Бетербиев (21-1 (20 KO) мансабында  алғаш рет жеңіліп, барлық титулынан айырылды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз