Жалған ақпарат көп тарап жатыр – Біртанов
Жалған ақпарат көп тарап жатыр – Біртанов
© Сурет ғаламтордан
5,138
оқылды
ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов тұрғындарға жалған ақпараттарға сенбей, сабырлық сақтауды сұрады. Сонымен қатар министр жеке гигиенадан бөлек, үйдегі және жұмыс орнындағы сақтық шараларын күшейтуге кеңес берді.
Қазір әлеуметтік желілерде жалған ақпарат тарап жатыр. Ресми ақпаратты министрліктің ресми сайтынан біле аласыздар және министрлік міндетті түрде елдегі жағдай туралы онлайн режимде хабардар етіп отырады. Кез келген сұрақ бойынша кол-орталыққа хабарласуға болады, - деді Елжан Біртанов тікелей эфирде.
Азаматтарға дүрбелеңге салынбауды сұрап, эпидемиологиялық жағдайдың алдын алу шаралары жүріп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ адам көп жиналатын орындарға бармай, сақтық шараларын бұзбауды өтінді. 15 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 8 адамнан коронавирус инфекциясы расталды. Біріншісі 1959 жылы дүниеге келген әйелден анықталды. Ол Мәскеу-Алматы рейсі арқылы келген. Бұған дейін оның жұбайынан анықталған соң, екеуі бірдей стационарға жатқызылған. Екінші жағдай 1995 жылы дүниеге келген ер адамнан анықталды. Ол Сеул-Алматы рейсімен келген. Бортта болған 130 жолаушы стационарға жатқызылды.