Жетісуда екі көлік мұз астына түсіп кетті

Жетісуда екі көлік мұз астына түсіп кетті
ТЖМ жедел-құтқару жасағының көмегімен көліктер Балықты өзенінің сағасынан жағаға шығарылды.

Жетісу облысында өзенді кесіп өтпек болған екі жеңіл көлік мұз астына түсіп кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқиға Талдықорған қаласынан 5 шақырым жердегі демалыс орны маңында болған. 

ТЖМ жедел-құтқару жасағының көмегімен көліктер Балықты өзенінің сағасынан жағаға шығарылды.

Барлығы 5 адам құтқарылды. Оларға  медициналық көмек қажет болмады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.