"Қазгидромет": 26 ақпанға арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет": 26 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, бұрқасын күтіледі.

"Қазгидромет" синоптиктерінің болжамынша, циклондар және олармен байланысқан фронтальді бөліктер әлі де Қазақстан Республикасы аумағының басым бөлігіне өз әсерін тигізетін болады, жауын-шашын күтіледі, - деп хабарлайды Aikyn.kz. Тек еліміздің шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. 

Жалпы, ақпанның соңғы күндерінде консультативтік болжамға сәйкес, аязды күндер жылы күндермен алмасады, қар, тұман және көктайғақ күтіледі. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы мүмкін. Суық антициклонның енуіне байланысты қарқынды суық толқындар болжанады, бұл күндері ауа температурасы төмендейді: солтүстік жартысында және ҚР орталығында түнде -25-35°С дейін, күндіз -15-25°С дейін; республиканың оңтүстік жартысында және оңтүстік-батысында түнде -12-22°С дейін, күндіз -3-15°С дейін. Ал циклондық белсенділік кезеңінде ауа температурасының Қазақстанның солтүстік жартысында күндіз -5+3°С дейін, елдің оңтүстік жартысында және оңтүстік-батысында күндіз +5+15°С дейін жоғарылауы күтіледі. 

26 ақпан түнде Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, күндіз Алматы, Түркістан облыстарының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында қатты қар күтіледі. Күндіз Алматы облысының шығысында, Жетісу облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің 30 м/с және одан аса күшеюі күтіледі, — дейді синоптиктер.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.