Aikyn.kz өзінің танымдық-ағартушылық мазмұндағы келесі материалын bgr.com сайты жариялаған хабарламаға сүйеніп талдайды.
Сіз түннің бір уағына дейін әлеуметтік желілерді, сауда платформаларын немесе жаңалықтар лентасын парақтай берсеңіз, онда сіздің денсаулығыңыз үлкен стресс жағдайына жақындап қалған. Смартфон қазіргі қоғамның ажырамас бөлігіне айналғанымен, жаңа зерттеулер көрсеткендей, аз ғана технологиялық детокстың өзі психикалық денсаулыққа оң әсер етеді.
Смартфонсыз өмір – көңіл күйдің кілті ме? Остиндегі Техас университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу барысында екі апта бойы смартфонда интернетке қолжетімділікті шектеген адамдардың психологиялық жағдайының айтарлықтай жақсарғаны анықталды. Олардың көпшілігі көңіл күйлерінің көтерілгенін, жалпы өзін жақсы сезіне бастағанын және зейіннің артқанын айтады.
Зерттеуге қатысқандардың 91%-ы қысқамерзімді технологиялық детокстан кейін өзін әлдеқайда жақсы сезінген. Тәжірибеге қатысқандардың кейбірі смартфоннан бас тарту антидепрессант қабылдаумен тең әсер бергенін мәлімдеген.
Жан-жағымыздан қоршаған коммуникациялық құралдар ХХІ ғасырдың ең қиын сынағына айналды. Бүгінде интернет кез келген жерде қолжетімді. Бұрын үйде отбасылық стационарлы компьютерге шектелген онлайн әлем енді алақанымыздағы смартфон арқылы әрдайым өзімізбен бірге ілесіп қалмайды. Бұл өмірімізді жеңілдеткенімен, күтілмеген салдарларға әкелді: стресс деңгейі жоғарылады; зейініміз әлсіреді; алаңдаушылық күшейеді.
Жаңа зерттеуде 18 бен 74 жас аралығындағы 467 қатысушы төрт апта бойы бақыланған. Олар смартфондарын аудио қоңырау шалу мен SMS хабарлама алмасу үшін ғана пайдаланып, интернетке қосылудан бас тартқан. Экспериментке қатысқандардың 71%-ы психикалық денсаулықтың жақсарғанын сезінген, 73%-ы жалпы жағдайының жақсарғанын байқаған. Когнитивті қабілеттердің өсуімен қатар бұл қысқа технологиялық детокс зейіннің жоғарылауы 10 жылға жасарғандай әсер берген.
Интернеттен алыстаған сайын жан дүниеңіз тыныштала түсетіні көптеген ғылыми зерттеулерде дәлелденген. Адамдар смартфондарын қолдануды азайтқан сайын, өзін жақсы сезіне бастайды. Бірақ бұл тек телефонды пайдаланбаумен шектелмейді – қатысушылар уақытын пайдалы істер мен жұмыспен, әдеттермен алмастыруы тиіс.
Бірден толық офлайн режимге көшу қиын болуы мүмкін, бірақ аздаған өзгерістердің өзі үлкен нәтижеге әкеледі. Өмір сапасын жақсартуға көмектесетін мынадай қарапайым кеңестер бар:
Кішкентай қадамдардан бастаңыз: алдымен 30-45 минуттық технологиялық детокс жасап көріңіз. Қысқа үзілістерге үйренген сайын, олардың ұзақтығын біртіндеп өсіріңіз; қажетсіз хабарландыруларды өшіріңіз: бұл әдіс алаңдаушылықты азайтуға көмектеседі; жаңалықтар қолданбалары немесе әлеуметтік медиадан бір-екі күндік үзіліс алыңыз. Мысалы, сенбі-жексенбі күндері. Оның орнына табиғатта серуендеп, жақындарыңыз бен басқа адамдармен шынайы әлемде араласыңыз, бетпе-бет сөйлесіңіз.
Смартфонды жиі қолдану күнделікті өміріміздің қалыпты бөлігіне айналғанымен, технологиялық үзіліс (детокс) психикалық денсаулықты жақсартып, өмір сапасын арттыра алады. Смартфонға тәуелділікті азайтудың ең жақсы жолы – оны саналы түрде қолдану.
Қысқаша анықтама
Цифрлық детокс – бұл адамды ақпараттық шабуылдар мен тұтқыннан қорғау үшін смартфонды, планшетті, компьютерді, теледидарды және басқа цифрлық құрылғыларды бір айға, бір аптаға немесе кем дегенде бір күнге қолданбау. Бұл тақырыпқа Aikyn.kz бұрын да бірнеше материалдар жариялаған:
Смартфонға тәуелділік психикалық ауытқуға душар етеді
Мектептердің 76%-ы смартфондарды пайдалануға тыйым салды
10 жасөспірім не себепті смартфоннан бас тартып, «кірпіш телефон» ұстаған?
Digital-детокс: әлеуметтік желіден бас тарту оңай ма?
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.