«Ораза ұстаған адамды құрметтемеген күнәһар болады»: Нұрлан имам ораза ұстамағандарға ескерту жасады

«Ораза ұстаған адамды құрметтемеген күнәһар болады»: Нұрлан имам ораза ұстамағандарға ескерту жасады
Желіде танылып үлгерген имам ораза кезіндегі тәртіп жайлы айтты.

Астанадағы Ырыскелді қажы атындағы мешіттің бас имамы Нұрлан Байжігітұлы «Хабар» арнасына берген сұхбатында ораза ұстамағандарға үндеу жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Ораза ұстамаған ардақты, қаракөз мұсылмандар! Көшеде, қоғамдық жерде ең болмаса ораза ұстаған адам сияқты жүрудің өзі – парыз екенін ұмытпаған дұрыс. «Менің аузым ашық еді» деп, темекі тартып, яки елдің көзінше тағам жеу миллиондаған ораза ұстағандардың көңіліне селкем, қаяу салу болады. Оларды құрметтемеу болады. Біздегі жиі көрініс – ораза ұстаған адамдардың жанында «мен ауру» едім деп, шай құйып, асын жеп отырады… біліңіз, сіздер шыдағаныңыз үшін сауап аласыздар, ал екінші адам, ауру болса да, күнә алады», – деді имам.

Оның айтуынша, «терезені жауып ішу» деген түсінік бар, науқас адамдар елдің көзінен таса жерде тамақ жеуі керек екен. 

Бұған дейін Нұрлан Байжігітұлы Алматы облысындағы «Зәм-зәм» мешітінің бас имамы болды. Нұрлан қажы Асанов 1979 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.