Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың жариялануына байланысты азық-түлік дүкендері мен базарлар жұмысын тоқтата ма? Бұл сұраққа Сауда және интеграция министрлігі жауап берді. «Республика бойынша төтенше жағдай жарияланса да, азық-түлік дүкендері мен базарлар жұмысын жалғастыра береді», - деп хабарлады министрліктен. Айта кетсек бүгін Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілді. Бұл туралы Жарлыққа Қазақстан Президенті қол қойды. Жарлыққа сәйкес, ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар мен театрлардың жұмысы тоқтатылып, Қазақстан Республикасына келетін халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелерін қоспағанда ел аумағына көліктің барлық түрлерімен кіруге, сондай-ақ оның аумағынан шығуға шектеу енгізілді.