Албанияның астанасы Тиранда өтіп жатқан ІІ әлемдік рейтингтік турнирде қазақстандық балуан Жәмилә Бақбергенова (72 келі) топ жарды, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Финалда ол аргентиналық Линда Мачуканы жеңіп, чемпион атанды.
Сонымен қатар 76 келі салмақтағы тағы бір қазақстандық спортшы Эльмира Сыздықова да жүлдегерлер қатарынан көрініп, қола медаль иеленді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз