«Аспиринді кез келген адам «қаным қою» деп өздігінен ішуіне бол­майды» – кардиолог

Аспирин дәрісінің екі эф­фектісі болады

Аспиринді кез келген адам «қаным қою» деп өздігінен ішуіне бол­майды. Бұл жайлы кардиолог Гүлжан Жаңалықова "Айқын" газетінің тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Тілшінің «Қан қысымын түсіреміз» деп адамдар білместікпен көп жағдайда аспирин тағы сол сияқты пре­парат­тар қолданады. Бұл қан­шалықты дұрыс?» деген сұрағына:

"Ацетилсалицил қышқылы, яғни аспирин дәрісінің екі эф­фектісі болады. Бірінші, анти­агрегант, яғни қанды сұйылтатын, қабынуға қарсы дәрі. Аспиринді кардиологияда көп жағдайда жедел коронарлы синдром кезінде, миокард инфарктісі туындаған кезде қанды сұйылтып, шұғыл медициналық көмек көрсететін кезде қолданылады. Сондай-ақ жү­ректің ишемиялық ауруы, стено­кардия, инсульттан кейінгі жағ­дайда ішілетін дәрі.

Бірақ көп адам қан қысымы жоғарыласа болды бірден аспиринді, тромбопол, тромбас, кардиомагнил, аспирин кардио сияқты препараттарды ішеді. Бірақ бұлардың барлығы бір топтың дәрілері. Яғни, қанды сұйыл­­тады. Бұл дәрілерді қан қысымы жоғары кезде ішуге бол­майды. Кез келген адам «қаным қою» деп өздігінен ішуіне де бол­майды. Тек кардиолог дәрігердің нұсқауымен қабылдауы тиіс. Ұзақ уақыт аспиринді ішкеннен мұрын­нан, тік ішектен, асқазан эрозиясы мен жарасынан қан кетуі мүмкін. Соның салдарынан көп адамдарда анемия ауруы туындайды", – деп жауап берді дәрігер

Сұхбатты толық оқу үшін

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз