Ақтөбе облысында 7 адам мінген алты көлік қар құрсауында қалды

Құтқарушылар көліктерді қардан сүйреп шығарды.

Ақтөбе облысының Хромтау ауданында 7 адам мінген алты көлік қар құрсауында қалды, – деп хабарлайды Аikyn.kz

ТЖМ таратқан мәлімдемесіне сәйкес, құтқарушылар көліктерді қардан сүйреп шығарды. Медициналық көмекке мұқтаж болғандар жоқ.

ТЖМ ауа райы туралы ескертуге назар аударуды және ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тысқары шығудан аулақ болуды ұсынады

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз