Ауа райы болжамы: елдің көп бөлігінде жауын-шашын

Қазақстан Республикасы бойынша тұман, көктайғақ, төменгі боран, екпінді жел болжанады.

"Қазгидромет" синоптиктерінің болжамынша, алдағы күндері республиканың ауа райын Баренц теңізі аудандарынан циклон анықтайды, онда елдің көп бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Түнгі уақытта ауа температурасы елдің батысында, солтүстік-батысында 0-8 аязға дейін, солтүстігінде, орталығында 5-15 аязға дейін, шығысында 7-18 аязға дейін, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 8 аязға дейін -2 жылу көтеріледі деп күтілуде, –  делінген хабарламада.                         

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.