Арғын Нығматулинге неліктен іздеу жарияланғаны белгілі болды

Күдіккке ілінген Арғын Нығматулин мен басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинге қандай айыптар негізінде іздеу жарияланғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Aikyn.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Бас прокуратураның мәліметінше, Қарағанды облысында хоккейді дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген Арғын Нығматулин мен басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.

- Алдын ала тергеу аясында А.Нығматулин күдікті деп танылып, оған сот санкциясымен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Алайда ол Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде болғандықтан, оған халықаралық іздеу жарияланды», - деп жазылған Бас прокуратураның хабарламасында.

Тергеу кезеңінде өзге мәліметтер жарияланбайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.