Шет елдерде жүрген отандастарымыз Қазақстанға кіре алады – Сыртқы істер министрлігі
Шет елдерде жүрген отандастарымыз Қазақстанға кіре алады – Сыртқы істер министрлігі
Фото: Интернеттен алынды
192
оқылды
Қазақстан Респбликасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан аумағына кіруге шектеу қоюға қатысты түсініктеме берді.
«Шектеу – бұл тыйым салу емес. Шет елдерде жүрген біздің отандастарымыз Қазақстанға кіре алады. Бұл шектеулер негізінен шет мемлекеттердің азаматтарына қатысты қолданылады», – деп хабарлайды.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі. Айта кетсек, бүгін Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілді. Бұл туралы Жарлыққа Қазақстан Президенті қол қойды. Жарлыққа сәйкес, ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлар мен театрлардың жұмысы тоқтатылып, Қазақстан Республикасына келетін халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелерін қоспағанда ел аумағына көліктің барлық түрлерімен кіруге, сондай-ақ оның аумағынан шығуға шектеулер белгіленді.