Наурыздағы мерекелерге орай QAZAQ AIR әуе компаниясы қосымша рейстерді іске қосады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Аталған шара жолаушылар тарапынан жоғары сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
2025 жылғы 16-23 наурыз аралығында келесі бағыттар бойынша 10 қосымша рейс орындалады:
- Астана — Шымкент: 4 қосымша рейс
- Астана — Алматы: 2 қосымша рейс
- Астана — Түркістан: 4 қосымша рейс
Естеріңізге сала кетейік, QAZAQ AIR әуе компаниясы 2025 жылдың 1 мамырынан бастап Астана-Самарқанд бағытында жаңа әуе бағытын ашады.
Бұған дейін қазақстандық әуе компаниялар наурыздағы мерекелерге орай қосымша 120 рейсті іске қосатыны туралы хабарладық (Air Astana – 55, FlyArystan – 33, Scat – 32).
Сонымен қатар 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Scat әуе компаниясы барлық тұрақты рейстердің әуебилеттеріне 10% жеңілдік береді. Әуе компанияның ақпаратына сәйкес бұл акция 5 наурыздан 7 наурызға дейін созылады.