Маршруттық автобус жүргізушілері 25 жол апатына себепкер болған

Қалалық автобус апаттарының деңгейін төмендету үшін алдын алудың түрлі әдістері қабылданады.

Ағымдағы жылдың басынан бастап маршруттық автобустардың қатысуымен 25 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның ішінде 34 адам әртүрлі дәрежедегі дене жарақатын алды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Астана қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Апаттылық деңгейін төмендету үшін алдын алудың түрлі әдістері қабылданады, жол-көлік ережелерін  бұзушылықтардың жолын кеседі, автобустардың техникалық жай-күйі және жүргізушілердің желіге шығар алдында медициналық тексеруден өтуінің міндетті тәртібі тексеріледі.

5 наурыздағы тексеріс қорытындысы бойынша қалалық автобустардың жүргізушілері жол-көлік ережелерін бұзудың 80-нен астам жолын кесілді. Көлікті пайдаланудың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды орындамағаны үшін 5 автобус паркі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ал жылдың басынан бері парктердің лауазымды тұлғалары осындай бұзушылықтар бойынша 17 рет жауапқа тартылды.
Сондай-ақ, Полиция департаментінің бастамасымен апта сайын автобус парктерінің жүргізуші құрамымен және олардың басшыларымен жұмыс барысында кездесулер өткізіледі. Жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы нәтижесінде ЖКО орын алған салдары көрсетіледі, – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда қаладағы автобустардың жол-көлік оқиғаларына ұшырау деңгейін төмендету, жүргізушілердің тәртібін арттыру және олардың жұмысындағы заң бұзушылықтарды анықтау мақсатында 2025 жылғы 5-7 наурыз аралығында елордада «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Жыл басынан бері қоғамдық көліктердің қатысуымен 25 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 34 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды. Осыған байланысты полиция қызметкерлері автобустардың техникалық жағдайын тексеріп, жүргізушілердің жол жүру ережелерін сақтауын және рейс алдындағы медициналық тексеруден өтуін қадағалауда.

Тек соңғы тәуліктің өзінде ғана 80-нен астам жол ережесін бұзу дерегі анықталды. Қауіпсіздік талаптарын сақтамағаны үшін 5 автобус паркі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жыл басынан бері автобус парктерінің лауазымды тұлғалары осындай заң бұзушылықтар үшін 17 рет жазаға тартылған.

Сонымен қатар, Полиция департаменті автобус жүргізушілерімен және автобус парктерінің басшыларымен апта сайын кездесулер өткізеді. Бұл кездесулерде жол-көлік оқиғаларының себептері талданып, олардың салдары көрсетіліп, жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін арттыру бойынша шаралар қарастырылады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.