«ҚазАвтоЖол» көлік қозғалысына шектеу қойылғаны туралы мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
2025 жылғы 7 наурызда сағат 10:00-де Түркістан облысында Жамбыл облысындағы ауа райының нашарлауына байланысты «Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 593-620 шақырым аралығындағы учаскесінде (Түркістан облысының шекарасы – Т. Рысқұлов а.) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды, – делінген хабарламада.
Жолды 2025 жылғы 7 наурызда сағат 18:00-де ашу жоспарланған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.