Қазақстанда қоғамдық тәртіп күшейтіледі. Бұл туралы Президенттің төтенше жағдайды жариялағаны туралы Жарлығында жазылған. «Қоғамдық тәртіптің сақталуы бойынша аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық, ерекше режимдік, режимдік және ерекше қорғалатын объектілердің, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің күзетілуі күшейтілсін» делінген Президенттің Жарлығында. Бүгін Қазақстан Республикасында төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы Жарлыққа Қазақстан Президенті қол қойды. Жарлыққа сәйкес, ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар мен театрлардың жұмысы тоқтатылды. Қазақстан Республикасына келетін халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелерін қоспағанда ел аумағына көліктің барлық түрлерімен кіруге, сондай-ақ оның аумағынан шығуға шектеу қойылды.