Қоғамдық қабылдау ба­ры­сында тұрмыстық жағдайы төмен азаматтардың да өті­ніші тыңдалды

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай «AMANAT» партиясының ғимаратында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қоғамдық қабылдауға жүгінген тұрғындар әлеуметтік сала, тұрғын үй және өзге де мәселелерді көтерді.

Қабылдауға келген аза­мат­тың бірі – өңірде 2021 жы­лы ашылған AiSonic есту ап­параттарын шығаратын отан­дық кәсіпорын өкілі. Ол әлеу­меттік порталда өнімді сату ережесіне заңнамалық өз­­­­­­герістер енгізу туралы ұсы­ныс білдірді. Облыс әкімі ұсы­­­нысты қабылдап, тиісті ор­­­гандарға хат жолдау жө­нін­де тапсырма берді.

Сонымен қатар қоғамдық кеңес мүшесі, дәрігер, ҮЕҰ же­­текшісі өңірде жасөс­пірім­дер мен жастардың репродук­тив­ті денсаулығын қорғау бойын­ша бастамасын айтып, үкіметтік емес ұйымдардың мем­лекеттік грант алу мәсе­лесін жеткізді. Облыс әкімі бұл мәселелерді жауапты бас­қармалармен пысықтап, Азаматтардың бастамаларын қол­дау орталығымен бай­ла­ныс орнатуды тапсырды.

Қоғамдық қабылдау ба­ры­сында тұрмыстық жағдайы төмен азаматтардың да өті­ніші тыңдалды. Сондай-ақ әке­сінен қалған мал-мүлкін ту­ған-туыстары арасында бө­лісе алмай жүрген тұрғын да мә­селесін жеткізді. 

Қоғамдық қабылдауда тұр­ғындар тұрғын үй кешен­дерін­дегі инфрақұрылымдық мәселелерді де көтерді. «Кер­уен» кешенінің тұрғын­дары ғи­мараттың су кету, суағар жүйе­сінің дұрыс болмауы, электр­мен қамту және құжат мә­селелеріне шағымданды. Жауапты мекемелер мәселе­лер­ді шешуге уәде беріп, жөн­деу және құжаттарды рә­сімдеу жұмыстарының мер­зімін белгіледі. 

Қабылдауда «Мұрагер» тұр­ғын үй кешенінің үлескер­лері де мәселелерін айтты. 

Облыс әкімі барлық өті­ніш­ті тыңдап, түйткілді сұ­рақ­тарды заң аясында шешу үшін жауапты басқармаларға тапсырмалар беріп, тұрғын­дардың көтерген мәселелерін бақылауға алатынын айтты.

 Ә.САМАТҰЛЫ