«Еуропа емес»: АҚШ Конгресі Түркияны Таяу Шығыс елдері қатарына қосуды ұсынды

Олардың пікірінше, Түркия Ресей, Қытай, Иран және ХАМАС-пен байланысын нығайтып, Батыс елдері мүдделеріне қайшы әрекет етуде.

АҚШ Конгресіндегі екі партияның өкілдері Түркияны ресми түрде Еуропа елдерінің санатынан шығарып, оны Таяу Шығыс елдері қатарына жатқызуды ұсынды, – деп хабарлайды Аikyn.kz

foxnews.com мәліметінше, бұл бастаманы өкілдер Брэд Шнайдер (демократия партиясы өкілі) мен Гус Билиракис (республикалық партия) көтерді.

Олардың пікірінше, Түркия Ресей, Қытай, Иран және ХАМАС-пен байланысын нығайтып, Батыс елдері мүдделеріне қайшы әрекет етуде. Заң жобасы АҚШ Мемлекеттік департаментінде Түркияның мәртебесін өзгертуді көздейді.

Анкара бұл ұсынысқа қарсылық білдіріп, өзінің Еуропалық Одақпен және НАТО-мен тығыз байланысын атап өтті. Алайда, сарапшылар Түркияның соңғы саясаты АҚШ-тың мүдделеріне қайшы келетінін және Вашингтонның оған деген көзқарасын қайта қарау қажеттігін айтады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз