Түстіктегі көлдер тартылып барады
Түстіктегі көлдер тартылып барады
Түркістан облысы Арыс ауданына қарасты Аққала ауылының төңі­ре­гін­дегі көлдердің суы тар­тыла бастаған. Бірне­ше жыл дабыл қақ­қан ауыл тұрғын­да­рының жа­найқайы­на атқамінер­лер былтыр құлақ асқан­мен, биыл жағдай бәз бая­­ғы қалпына қайта тү­сіп­ті. Қазір Сыр бойында орналас­қан шағын ауылдың іргесіндегі көлдер тартылып, таяздана бас­та­­ған. Осының салдарынан жаз­да жалбыз арасында балықтар мен шабақтар қырылуда. Мұны­мен қоса, көлдердің суын диқан­шылық мақсатқа пайдаланып жатыр. Тұрғындар бұл тұйықтал­ған көл сулары болғандықтан, оны диқаншылыққа қолдану заңсыз деп санайды. Ауыл малда­ры сол көлдерден су ішеді. Сон­дықтан бұл жағдай малдың өрісін де тарылтып, төрт түлікті суы та­рыл­ған көлдің батпағына ба­ты­­рып жатыр. – Бұл жағдайды 2018 жылдың наурыз айында аудан әкіміне жеткізген болатынмын. Аудан әкім­шілігінде аудан, ауыл әкім­де­рінің қатысуымен жина­лыс өтті. Сол жылы бұл жағдай тоқ­таған еді. Биыл бәз баяғы қал­пы­на түсті. Көлдің тартылуы ауы­лы­мыз үшін экологиялық апат болып отыр. Жерасты құдық сулары да тартылып, дәмі өзге­ріп, ішуге жарамсыз болып бара­ды. Жаз мезгілінде саз бал­шық­тың сасық иісіне тұншығу­дамыз. Туған жеріміздің табиғатына келтірілген зауалға тосқауыл қойыл­са дейміз. «Үйрек, қаз қал­қып ұшпаса, Дария-шалқар көл жетім. Ел жағалай қонбаса, Бете­гелі бел жетім» деген атадан қал­ған сөз бар. Жусаны аңқыған жер мен кемері толған көлді сақтап қалу азаматтық парызым деп біле­мін, – дейді ауыл тұрғыны Қайрат Оралбай. Осы мәселе бойынша Байыр­құм, Жиделі ауылдық округі әкім­шілігіне хабарластық. Алай­да олардан нақты жауап болмаған соң, аудан әкімімен тіке­лей тіл­десуге тура келді. Арыс қала­сы­ның әкімі Мұрат Болатұ­лы бұл жағдайдан бейха­бар болып шық­ты әрі көл суын пайдалануға Арал-Сыр­да­рия бассейндік инс­пек­ция­сы рұқсат беретінін айтты. – Суармалы жерлерді көбейту керек. Судың деңгейі түспесе, қоршаған ортаға зияны келмесе, оны шаруаларға пайдалануға беруге болады. Ол үшін арнайы рұқсат алуы қажет. Сіз айтып тұр­ған жақта 7-8 көл бар. Қайсы көл­ді пайдаланып жатқанын білу үшін, барып көру керек, – деді әкім. Мәселені соңына дейін жет­кізу үшін әрі жағдайдың анық-қанығын білу мақсатында енді Арал-Сырдария бассейндік инс­пек­циясымен байланысқа шық­тық. Аталған мекеме басшы­сы­ның орынбасары Күлән Қожам­құ­лова көл суын пайдалануға өздерінен ешкімнің рұқсат алма­ғанын жеткізді. «Негізі ол жер­лерді бөліп, пайдалануға беретін аудан әкімдігі. Ал біздің тарапы­мыздан ешкім рұқсат алған жоқ. Егер жер өзінікі болса әрі суар­малы жерге жататын болса, рұқсат берер едік. Оның суар­малы жерге жататын, жатпай­ты­нын анықтап, дәлелдеу керек. Сонымен бірге ол каналға немесе су қоймаға бекітілген болуы қа­жет», – дейді Күлән Қожам­құ­лова. Оның айтуынша, бүгінде об­лыста 127 өзен болса, оның жар­тысында су жоқ. Жалпы, елімізде көлге жақын орналасқан ауыл тұрғындары жылда көктемде арыз-шағым айта бастайды. Өйткені табиғатқа келтірген кері әсерді айтпағанда, көл суын тұрмыстық жағдайға пайдаланатын ауылдар да бар. Эколог Гүлнұр Әмірова қазіргі кезде бұл өзекті мәселенің бірі болып отырғанын жеткізді. – Су болмаса, экологиялық тепе-теңдік бұзылады. Көлдің сәні – су. Көлдегі су тартылса, әри­не жағдай қиын. Көктемнің ба­сында су келмейді. Содан кейін былтырдан қалған су тар­ты­ла бастайды. Осыдан соң са­сық иіс пайда болады. Ал ары қарай да су келмей қойса, көлге өте жақын орналасқан ауыл тұр­ғын­дарына қиын. Зардабын со­лар тартады, – дейді эколог маман. Қалай десек те, табиғатқа, адамзатқа жанашырлық таныта алмай отырғанымыз – өкінішті жағдай. Оның байлығын әркім рұқ­сатсыз пайдалана берсе не бо­лады? Ал оған жауапты ме­ке­ме­лер «Оны анықтау керек, ба­рып көруіміз керек» деп, бір-бі­рі­не сілтеп, жайбарақат отыра бергеннен жағдай оңала ма? Мәселе осында...    width=Эльмира ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ