Коронавирус: Карантинге жатқызылғандар саны 1 644 адамға жетті
Коронавирус: Карантинге жатқызылғандар саны 1 644 адамға жетті
Фото: Бауыржан Жуасбаев
143
оқылды
Қазақстанда коронавирусқа байланысты стационарлық карантинге жатқызылғандар саны 1 644 адамға жетті. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, «Бүгінде елімізде коронавирус жұқтырған 9 науқас, оның ішінде Алматы қаласында – 7, Нұр-Сұлтан қаласында 2 адам тіркелген. Стационарлық карантинде – 1 644, үй карантинінде 628 адам жатыр. Сонымен қатар ҚХР-дан және шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда». Ведомствоның хабарлауынша, барлық санаттар бойынша мониторингке 2 537 адам алынды. Оның ішінде, 1 «А» санаты бойынша – 1 626, 1 «Б» санаты бойынша – 564, 2-санаты бойынша 347 адам бар. Мониторингке алынған 2 537 адамның 480-іне бақылау тоқтатылды. 2 057 адамға мониторинг жүргізілуде. «Қазіргі уақытта дене қызуымен және ЖРВИ белгілерімен 125 адам ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде 1 «Б» санаты бойынша – 38 адам, 2-санат бойынша – 42 адам 3-санат бойынша – 45 адам. Ауруханаға жатқызылғандар саны 125, 65 азамат шығарылды. 60 адам стационарда қалады. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен аталған пациенттер алгоритмге сәйкес инфекциялық стационарға жатқызылды. Эпидемияға қарсы қажетті шаралар, оның ішінде оқшаулау, емдеу және зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында» делінген ресми деректе.