Әлем чемпионаты: 10 наурызда Қазақстан құрамасынан кімдер сынға түсетіні белгілі болды

9 наурызда алғашқы жекпе-жектерін өткізген қазақстандық боксшылар жеңіске жетті.

Бүгін, 10 наурызда Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасынан екі боксшы шаршы алаңға шығады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

52 келі салмақта Анита Адишева мексикалық Патино Хуарезбен, ал 54 келіде Жайна Шекербекова колумбиялық Бекера Монтесиноспен қолғап түйістіреді.

Қазақстан құрамасының алғашқы жеңістері

9 наурызда алғашқы жекпе-жектерін өткізген қазақстандық боксшылар жеңіске жетті:

  • Алуа Балқыбекова (50 келі) 1/16 финалда кениялық Нзиваны ұтып, келесі кезеңге өтті.
  • Елдана Тәліпова (81 келіден жоғары) 1/8 финалда Өзбекстан спортшысы Олтин Сотимбаеваны тізе бүктірді.

Әлем чемпионатында сынға түсетін қазақстандықтар

Қазақстан құрамасынан жарысқа қатысатын басқа да боксшылар:

  • Назым Қызайбай (48 келі)
  • Карина Ибрагимова (57 келі)
  • Виктория Графеева (60 келі)
  • Аида Әбікеева (63 келі)
  • Жасмин Қизатова (66 келі)
  • Наталья Богданова (70 келі)
  • Надежда Рябец (75 келі)
  • Гүлсая Ержан (81 келі)

Жарыс кестесі

  • 9-13 наурыз – іріктеу кезеңдері
  • 14 наурыз – жартылай финал
  • 16 наурыз – финалдық жекпе-жектер

Әлем чемпионатында ел намысын қорғап жатқан спортшыларға сәттілік!