Оқушылар көктемгі каникулда неше күн демалады?

Үшінші тоқсанның аяқталуына санаулы күндер қалды.

Көктемгі каникул кезеңі 2025 жылғы 21 наурыз бен 2025 жылғы 31 наурызды қоса алғанда он бір күнге жалғасады. Бұл туралы  Aikyn.kz хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес.

Мектеп оқушыларының көктемгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары жасалды. Сондай-ақ 1-4, 5-9 және 10-11-сынып оқушыларына арналған гайдбук әзірленді. Онда әр демалыс күні Наурызнаманың онкүндігімен байланысты және қоғамның маңызды аспектілеріне: отбасылық құндылықтарға, мәдениетке, ұлттық дәстүрлерге, қайырымдылыққа, спортқа мән берілді.

Ол бойынша мектептерде бірқатар білім беру, спорттық, мәдени және шығармашылық іс-шаралар өткізу жоспарланған:

• театр фестивальдері мен қойылымдары;

• шеберлік сабақтары;

• қауіпсіздік сабақтары;

• мұражайларға, ғылыми орталықтарға және тарихи ескерткіштерге танымдық экскурсиялар;

• спорттық ойындар;

• қайырымдылық акциялары және басқа да шаралар.

Ең бастысы – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алуға, мектептің ішкі тәртібін сақтауға, балалардың көшедегі қауіпсіздігіне, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздікке ерекше назар аударылады. Айта кетейік, бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жолданады, – делінген министрліктің хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.