Билл Гейтс Microsoft компаниясының басшысы қызметінен кетті
Билл Гейтс Microsoft компаниясының басшысы қызметінен кетті
Фото: Интернеттен алынды
163
оқылды
Америкалық кәсіпкер Билл Гейтс Microsoft компаниясының басшылығынан кетті. Ол мұндай шешімді денсаулық сақтау, білім, ғылым саласындағы қайырымдылық және климаттың өзгеруімен айналысу мақсатында қабылдағанын мәлімдеген. Бірақ кәсіпкер компанияның бас директорының техникалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі болып қала береді. Айта кетейік, Microsoft компаниясын 1975 жылы Билл Гейтс пен Пол Аллен құрған. «Форбс» журналының нұсқасы бойынша Гейтс биыл қаңтар айында әлемдегі ең бай адамдардың ішінде 3-орынды иеленген.