«Жас екенімізді тексеріп көрейік»: 50 жастан асқан Баян Алагөзова ширақтығымен таңғалдырды

Бейнежазбадан продюсер әріптестерімен бірге жүргенін көруге болады.

Продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желіде жаттығу жасап жатқан видеосын жариялады, – деп жазды Aikyn.kz. 

Бейнежазбадан продюсер әріптестерімен бірге жүргенін көруге болады.

«Жас екенімізді тексеріп, тест жасап көрейік. Аяғымызды айқастырған күйде қозғалмастан қолымыздың көмегінсіз отырып-тұруымыз керек», – деп жаттығудың шартын түсіндірді Баян Алагөзова.

Продюсер бұл жаттығуды еш қиналмай орындап шықты. Ал қасындағы әріптестері оның қимылын қайталай алмады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.