Димаш Құдайберген әлемдік турне аясында өтетін Прага, Гамбург, Минсктегі концерттерін кейінге қалдырды
Димаш Құдайберген әлемдік турне аясында өтетін Прага, Гамбург, Минсктегі концерттерін кейінге қалдырды
Фото: Интернеттен алынды
Әнші Димаш Құдайберген коронавирусқа байланысты әлемдік турнесін кейінге қалдырды. Әншінің әкесі Қанат Айтбаев Instagram парақшасында: «Құрметті достар! Димаш Құдайбергеннің Arnau Tour әлемдік турнесі аясындағы концерттері кейінге шегерілді. Коронавирус инфекциясының алдын алу шараларына байланысты Димаштың Прага, Гамбург, Дюссельдорф, Штутгарт пен Минсктегі концерттері басқа уақытқа шегеріледі. Жаңа мерзім бойынша біраз уақыттан соң хабар береміз. Оның бәрін қарсы алатын тарап пен ұйымдастырушылармен ақылдасу керек», – деп жазды. Айта кетейік, біз бұған дейін Димаш Құдайбергеннің Arnau Tour әлемдік турнесінің өтіп жатқанын хабарлаған болатынбыз.