«МузАрт» тобы жақында өткен ән кешінде топтың бұрынғы мүшесі Мақсат Базарбаевпен бірге өнер көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ән кешіндегі видеоны Сәкен Майғазиев әлеуметтік желіде бөлісті. «Тарихи сәт» деп жазды әнші бейнежазбаға.
Сәкен Майғазиевтің жазбасына қатысты желі қолданушылары түрлі пікір жазып жатыр.
«Мақсаттың дауысы ерекше ғой», «МузАрт квартеті», «Мақсатты қосып алғандарың қандай жақсы болған», «Мақсат қайтадан келуі керек қой «МузАрт-қа», – деп жазды желі қолданушылары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.