Оралда екі шағынауданды байланыстыратын тасжолды су басты (видео)

ТЖМ жағдайдың бақылауда екенін мәлімдеді.

Орал қаласының Сарыарқа шағынауданында қалың қардың еруі салдарынан қалаішілік автожолдың ойпатты бөлігіне су жиналып, екі шағынауданды байланыстыратын жолға қарғын су жайылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ТЖМ мәліметінше, көлік қозғалысы тоқтамаған және халық үшін қауіп жоқ.

– Бұл жерде Батыс Қазақстан облысының ТЖД бөлімшелері жұмыс істеп жатыр. Олар мотопомпалардың көмегімен су айдауды жүргізуде. Сондай-ақ полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмылдырылды. Жағдай бақылауда, – делінген мәлімдемеде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.