ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысы шектелгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
13 наурыз сағат 22:00-де ауа райының нашарлауына байланысты көліктің барлық түрлеріне келесі республикалық автожол учаскелерінде шектеу қойылды:
Солтүстік Қазақстан облысы:
"Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы"- автожолының 797-856 шақырым аралығы (Рузаевка ауылы-Ақмола облысы шекарасы);
Ақмола облысы:
"Астана - Атбасар - Жақсы - Рузаевка - Сарыкөл - Қостанай - РФ шекарасы" автожолының 856-997 шақырым аралығы (Солтүстік Қазақстан облысы шекарасы-37 шақырым).
Жолды 2025 жылғы 14 наурыз сағат 10:00-де ашу жоспарланған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.