Бокстан Сербияда жалғасып жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының ширек финалында үшінші спортшымыз сынға түсті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
60 келідегі Виктория Графеева 1/4 финалда Париж Олимпиадасының қатысушысы, Өзбекстан боксшысы Ситора Тұрдыбековадан басым түсті.
Отандасымыз қарсыластан дистанция, жылдамдық және дәлдік жағынан әлдеқайда басым екенін көрсетті. Есеп: 5:0
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.