Бокстан Сербияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Назым Қызайбай мерзімінен бұрын жеңіске жетті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ең жеңіл 48 келіде 2 дүркін әлем чемпионы, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай жартылай финалға еш қиындықсыз өтті.
Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, жерлесіміз ширек финалда Венесуэла өкілі Тайонис Седено Рожаспен кездесіп, қарсыласын 2-раундта екі мәрте және 3-раундта бір мәрте нокдаунға түсіріп, мерзімінен бұрын жеңімпаз деп танылды.
Фото: Спортты дамыту комитеті
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.