“ҚазАвтоЖол” көлік қозғалысына шектеу қою туралы хабарлады

Кейбір республикалық автожолдармен жүруге шектеу қойылды.

«ҚазАвтоЖол» көлік қозғалысына шектеу қою туралы мәлімдеді, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

2025 жылғы 14 наурыз сағат 05:00-де ауа райының нашарлауына байланысты (жел, жаңбыр, боран, көктайғақ) көліктің барлық түрлеріне келесі республикалық автожол учаскелерінде шектеу қойылды:

Ақмола облысы: "Астана- Петропавл" автожолының 252-291 шақырым аралығы (Ақылбай ауылы-Көкшетау қаласы);

"Астана-Петропавл" автожолының 304-341 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы-СҚО шекарасы.) "Көкшетау айналма жолы" 0-18 шақырым аралығы «Көкшетау-Омбы» автожолының 2-50 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы-СҚО шекарасы), - делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.