Халықаралық пошта жөнелтілімдері декларацияланады

Keden ақпараттық жүйесінде халықаралық пошта жөнелтілімдерін декларациялау функционалы енгізілді.

Қазақстанда халықаралық пошта жөнелтілімдерін кедендік декларациялау енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті  Keden кедендік ақпараттық жүйесін кезең-кезеңмен енгізу шеңберінде халықаралық пошта жөнелтілімдерін кедендік декларациялау функционалының енгізілетінін мәлімдеді.

2025 жылдың 14 наурызы сағат 00.00-ден бастап, мұндай жөнелтілімдерді кедендік ресімдеу  Keden  ақпараттық жүйесінде кедендік декларация толтыру арқылы жүзеге асырылады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.