Павлодар облысында ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері жедел-іздестіру кешенін өткізу барысында есірткі таратумен айналысқан екі тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталғандардың бірі «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС қызметкері екені анықталды. Ол өзімен бірге достарына да есірткі таратқан. Тінту шараларын жүргізу барысында шамамен 700 грамм есірткі тәркіленді, зергерлік электронды таразы, электрошокер, пневматикалық мылтық, 2 мылтық және оқ-дәрі тәркіленді.
– Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша есірткіні мақсатты дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау есірткі құралдарын, психотроптық заттарды өткізу, жіберу немесе сату, сондай-ақ заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау үшін, қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды тасымалдау және жарылғыш құрылғыларды алып жүру бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер қамауға алынды, – деп мәлімдеді Павлодар облыстық Полиция департаменті.
Полиция азаматтарды кез келген ақпарат туралы хабарлауға шақырады, қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін есірткінің заңсыз таралуына қарсы күресте көмектесу қажет.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.