Айгүл Қапбарова: Өңірлердегі теңсіздікті жою – өзекті мәселенің бірі

Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың отырысында ел дамуының көптеген бағыттары бойынша басты басымдықтар айқындалды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Айгүл Қапбарова Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев көтерген мәселелер туралы пікірін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда бірқатар маңызды салаға заңнамалық реттеу қажеттігін айтып, Үкімет пен Парламентке жаңа міндеттер жүктеді. Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың отырысында ел дамуының көптеген бағыттары бойынша басты басымдықтар айқындалды деп ойлаймын. Әсіресе, облыс, өңірлердің өркендеуіне серпін беретін жаңа бағдарламалардың қажеттігі Парламент палаталарында ұдайы көтеріліп жүрген еді. Өңірлердегі теңсіздікті жою   өзекті мәселенің бірі.

Сонымен, Ұлттық құрылтайдың маңызды шешімдері мен ұсыныстары еліміздің дамуы үшін маңызды негіздер болмақ.

Салық реформасы, заңнамалық түзетулер;

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы жаңа заң әзірлеу;

Діни ұйымдардың қызметін талапқа сай қайта қарау, соның ішінде заңнаманы жаңа жағдайға бейімдеу;

Киноматография саласын реттеу, отандық фильмдердің сапасына назар аудару;

Кәмелетке толмаған баласы бар әйелдерге қатысты кейбір заңдық ұстанымдарды қайта қарау.

Заңнамалық реттеуден бөлек, бірқатар бағдарламалық құжат қабылданатын болды, – дейді Сенат депутаты.