ҚМА мәліметінше, алаяқтар азаматтардың жұмыс орындарында белгілі бір адамдарға қатысты тексеру жүргізілетіні туралы хабарламалар таратып, ынтымақтастық орнатуға және құжаттарды ұсынуға шақырады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Сенімге кіру үшін бұл хабарламалар Қаржылық мониторинг агенттігінің логотипі бар қолдан жасалған бланкіде дайындалып, жалған ҰҚК мөрімен бекітілген.
Одан кейін алаяқтар агент ретінде хабарласып, өздерін Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкері ретінде таныстырып, банктік шоттар туралы ақпарат алуға тырысқан.
– Ескертеміз, Агенттік мұндай тексерулер жүргізбейді, сұраныстар жібермейді және жеке тұлғаларға қоңырау шалмайды.Ақпараттың шынайылығын тексеру үшін Қаржылық мониторинг агенттігіне немесе тұрғылықты жеріңіздегі Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жүгінуге болады.
Азаматтарды сақ, ақпаратты ресми дереккөздермен салыстырып, алаяқтардың құйтырқы әрекеттерінен абай болуға шақырамыз! – деп мәлімдеді агенттік өкілдері.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.