Қарағанды облысында полиция қызметкері жазатайым оқиға салдарынан қаза тапты

Оқиға орнына Ішкі істер министрі орынбасарының басшылығымен арнайы комиссия жіберілді.

Қарағанды облысында полиция қызметкері оқу-жаттығу іс-шараларын өткізу кезінде жазатайым оқиға салдарынан қаза тапты, деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы ІІМ басшысы Ержан Сәденов  Facebook парақшасында жариялады.

– Қарағанды облысы Полиция департаментінің қызметкері А. Алиевтің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын.

ІІМ марқұмның отбасына барлық қажетті қолдауды көрсетеді, – деп жазды министр.

Оқиға орнына Ішкі істер министрі орынбасарының басшылығымен арнайы комиссия жіберілді. Тергеу барысы ІІМ басшысының бақылауында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.