Ауа райының нашарлауына байланысты үш облыста жол жабылды

Жолды 15 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

ҚазАвтоЖол үш облыста көлік қозғалысы шектелгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

14 наурыз сағат 21:00-де Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты «Ақтөбе – РФ шекарасы» автожолының 39-136 шақырым аралығында (Ш. Қалдаяқов п. – Әлімбет өткізу пункті) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады.

Жолды 15 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған. Сонымен қатар 14 наурыз сағат 20:00-де ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық автожол учаскелерінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді: 

Абай облысы: 

- «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 683-768 шақырымы (Таскескен а. бұрылысы – Аягөз қ.): тіркемесі мен жартылай тіркемесі бар жүк көліктеріне шектеу. 

Жолды ашу 2025 жылғы 15 наурыз сағат 07:00-ге жоспарланған. 

Ақмола облысы: 

- «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының 1006-1222 шақырымы (Атбасар қ. – Арайлы п.): жүк және қоғамдық көліктер үшін шектеу. 

Жолды 15 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.