«Көз жасымды тоқтата алмадым...»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм сазгер Арман Дүйсеновті есіне алды

«Көз жасымды тоқтата алмадым...»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм сазгер Арман Дүйсеновті есіне алды
Ол сазгердің әнін тыңдап, көз жасына ерік берген.

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм сазгер Арман Дүйсеновті есіне алды, - деп жазды Aikyn.kz. 

Ол продюсер Баян Мақсатқызының мюзикл-шоуында марқұм сазгердің әнін тыңдап, көз жасына ерік берген.

“Көз жасымды тоқтата алмадым. Баян Мақсатқызының Астанада Queen show-ы өтті. Арман Дүйсеновтің “Туған жер” әнінің шығу тарихына тоқталғанда көз жасымды тия алмадым. Сүртейін десем, орамал алмаппын. Ешкім көріп қоймасын дегендей қолыммен қайта-қайта бетімді сипап қоямын… Себебі құран бағыштауға Қайрекеңнің басына барған сайын мазаратының қасынан Арман мен ұлының жатқан жерін көреміз. Соңғы рет барғанда да, қарап тұрып, жүрегімнің сыздағаны-ай! Кезінде жақын араласқан Арманды, ұлын “Алла тағала панасына алсын” деп дұғамызға қостық. Кеше Баян Арекеңді көрсетіп, еңбегін елеп, құрметін білдіргенде сол бір Кеңсайдағы көрініс көз алдыма келе берді. Бәріміздің баратын жеріміз ғой, осы қасиетті айда әрқайсымыздың жақынымызға бағышталған дұға, оқылған құранымыз қабыл болсыншы. Өмір деген сондай қысқа, бір-бірімізге мейірімді, қамқор болып, қолдап жүрейікші”, – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.